Қосшы қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті

Опубликовано:

Автор:

в категории

Комиссия төрағасы Е.Ділдәбек ашқан отырысқа мәслихат төрағасы Ә.Қуатбеков, қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Күн тәртібі бойынша бірқатар мәселе қаралды. Олардың қатарында «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы», «Қосшы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы», «Қосшы қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының құрамын бекіту туралы» және Қосшы қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы қала мәслихатының шешімдеріне өзгертулер енгізу туралы мәселе қаралды.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қала әкімдігінің аппарат басшысы Нұрбол Өтебаев және тиісті бөлім басшылары мәліметтер берді.

Комиссия отырысының соңында қарастырылған мәселелер бойынша мәслихаттың қаулысы қабылданды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1001451?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *