
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен 2025 жылдың 4 айында атқарылған жұмыстар туралы
ӨТІНІШТЕРМЕН ЖҰМЫС.
Есепті мерзімде мемлекеттік еңбек инспекторларының қарауына жеке және заңды тұлғалардан 626 өтініш түсіп, заңдылықтарға сәйкес қаралды. Оның ішінде, 282-і (45%) қанағаттандырылған, 152 (24,2%) өтініш қарау реттілігімен басқа органға жолданса, 192 (30,6%) өтінішке заңнама талаптарына сәйкес жауаптар берілген. Өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу деректері орын алған жоқ.
МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ.
Мемлекеттік еңбек инспекторларымен жалпы жүргізілген 87 тексеру нәтижесімен 102 бұзушылық анықталып, 71 нұсқама берілді. Оның 65 (91,5%) орындалса, 6 (8,4%) мерзімі бар. Жүргізілген тексерулер нәтижесімен еңбек заңнамасы талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты 16 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, жалпы сомасы 3,5 млн.теңге айыппұл салынған. Оның 2,9 млн.теңгесі (83,3%) бюджетке өндірілсе, 589,8 мың теңгесі (16,7%) мерзіміне сәйкес өндірілуде. Жалпы, мемлекеттік еңбек инспекторларымен қабылданған шаралардың нәтижесімен 233 жұмыскердің бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтірілді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1002006?lang=kk
Добавить комментарий