Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАНДА ЖАСАНДЫ КӨЛІ БАР ЖАҢА САЯБАҚ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында үлкен жасанды көлі бар жаңа қалалық саябақтың құрылысы жүріп жатыр. Бұл қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы демалыс аймағын қалыптастыруға бағытталған Түркістандағы ірі жобалардың бірі. Осы ретте, қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы саябақ құрылысын бақылап, сала мамандарымен және мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Құрылыс барысындағы бірқатар кемшіліктерді ретке келтіріп, уақытылы, сапалы орындауды тапсырды.
Саябақтың жалпы аумағы – 32 гектарды құраса, оның дәл ортасында көлемді, жасанды көл болмақ. Саябақ ішінде жаяу жүргіншілер көпірі, субұрқақтар, сарқырама, тамашалау алаңдары, заманауи қоғамдық тамақтану орындары, архитектуралық аркалар мен арнайы орындықтар қарастырылған. Құрылыстың толық аяқталуы 2025 жылға жоспарланған. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда негізгі құрылымдар бой көтеріп, соңғы құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_____
В ТУРКЕСТАНЕ СТРОЯТ НОВЫЙ ПАРК С ИСКУССТВЕННЫМ ОЗЕРОМ
В административно-деловом центре Туркестана идет строительство нового городского парка с большим искусственным озером. Это один из крупнейших проектов в Туркестане, направленный на формирование комфортной зоны отдыха для жителей и гостей города. При этом аким города Азимбек Пазылбекулы проконтрировал строительство парка, встретился со специалистами отрасли и представителями подрядных организаций. Поручил привести в порядок ряд недостатков в ходе строительства и своевременно, качественно выполнить.
Общая площадь парка составляет 32 гектара, а в самом центре – объемное искусственное озеро. Внутри парка предусмотрены пешеходный мост, фонтаны, водопад, смотровые площадки, современные заведения общественного питания, архитектурные арки и специальные скамейки. Полное завершение строительства запланировано на 2025 год. Проект реализуется поэтапно. В настоящее время возводятся основные сооружения, ведутся завершающие работы.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1001878?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *