Талдықорған қаласында полицейлер мас күйінде көлік басқарған жүргізушіні ұстады. Оқиға тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған: Honda көлігін жүргізіп келе жатқан ер адам кері жүрген кезде Hyundai автокөлігімен соқтығысқан.
Тексеру барысында оның бұрын да дәл осындай құқықбұзушылық үшін жауапқа тартылғаны анықталды. 2022 жылы ол мас күйінде көлік жүргізгені үшін екі жылға бас бостандығынан айырылып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған. Алайда жазасын өтеп шыққаннан кейін, ол тағы да заң талабын елемей, өз өмірімен қоса өзгелердің өміріне қауіп төндірді.
ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, көлік құралын қайтадан мас күйінде басқару – ауыр құқықбұзушылық болып саналады және бұл үшін 4 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ көлік жүргізу мен белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы көзделген.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде. Құқық қорғау органдары мұндай қайталанған әрекеттер қоғам үшін аса қауіпті екенін атап өтіп, заң аясында қатаң жаза қолданылатынын ескертеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1002250?lang=ru
Добавить комментарий Отменить ответ