Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды құрылымдық жүйе. Ол – халық пен билік арасындағы сенімді байланысты орнататын, қоғамдағы тәртіп пен әділеттілікті жүзеге асыратын кәсіби сала. Осы маңызды бағытта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы ретінде Сайпов Ерлан Нартайұлы саланың сапалы әрі заңды жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолында өз үлесін қосып келеді. Оның жоғары мәдениеті, сыпайы қарым-қатынасы және ұқыптылығы – халыққа сапалы қызмет көрсетуге негізделген нақты көрсеткіш.
Сайпов Ерлан Нартайұлы – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының тумасы. 1999-2010 жылдары Бәйгеқұм ауылының М.Әуезов атындағы №251 орта мектебінде оқыған. 2011-2014 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Жоғары білім иегері. Еңбек жолын 2014-2019 жылдары «№1 қалалық емханасының» заңгері ретінде бастайды, 2019-2020 жылдары «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-де штаттан тыс методист маманы қызметін, 2020-2021 жылдары қайта «№1 қалалық емханасының» заңгері қызметін атқарады. 2021 жылы «Байқоңыр Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-да бас менеджер болып, 2021-2022 жылдары «№5 қалалық емханасың» мемлекеттік сатып алу маманы болды, 2021-2022 жылы қайта «№1 қалалық емханасының» заңгері қызметін атқарады. 2021-2022 жылдары Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-де штаттан тыс методист маманы қызметін атқарады. 2022 жылдан бастап ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы болып тағайындалды. Сайпов Ерлан Нартайұлы – үлгілі отбасы иесі. Жанұялы, ұрпақ тәрбиелеп отырған ардақты әке. Қызметтегі жауапкершілікті отбасылық құндылықтармен ұштастыра отырып, жас буынға өнеге боларлық өмір сүріп келеді.
Осындай білімді, білікті, кішіпейіл азаматтың еңбегі әрқашан ел мүддесіне бағытталған. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, алдағы қызметіңізге табыс тілейміз!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1001793?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ