АЛАШ ТҰЛҒАСЫ – ҒҰМАР ҚАРАШ: ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории

АЛАШ ТҰЛҒАСЫ – ҒҰМАР ҚАРАШ: ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

21 мамыр күні С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында аудандық білім беру бөлімі, Ғ.Қараш атындағы мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен Ғұмар Қараштың 150 жыл толуына арналған «Алаш тұлғасы – Ғұмар Қараш: қоғамдық -саяси,ағартушылық қызметі» атты облыстық ғылыми-танымдық конференциясы өтті.

Конференцияға аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев, өлкетанушы журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Қазбек Құттымұратұлы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жаңабек Жақсығалиев, «Дана» орталығының басшысы Жантас Сафуллин, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «Еңбек Даңқы» төсбелгісінің иегері Меңдігүл Фазылова, Ғ.Қараш атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Нұрия Сапарова, мектеп директорлары, оқушылар қатысты.

Ең алдымен конференция қонақтарына 10 сынып оқушысы, мектеп президенті Ақнұр Бақытжан «Ғұмар Қараш: тарих, тағылым, тұлға» атты көрмесін (фойеде Ғұмар Қараш туралы фотосуреттер (мольбертпен 10 фотосурет) және «Ғұмар Қараш ізімен» атты ғылыми жоба таныстырылымы) және . Облыстық «Менің отаным — Қазақстан» туристік экспедициялық слетында ІІІ орын иегері, 11 сынып оқушысы Дархан Набидолла «Ғұмар Қараш ізімен» атты ғылыми жоба таныстырылымын (карта схемамен) түсіндірді.

Конференция барысында Ғұмар Қараштың өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақстан» 1911-1913 бейнефильмі және Жантас Набиоллаұлының жетекшілігімен 2013 жылы жарыққа шыққан “Қазақстан” (1911-1913) деректі фильмі көрсетілді.

«Келешекте көзіміздің нұры ғазиз балаларымыз рақатшылықта өмір сүрсін десек, жастайынан ғылым-білім үйретуіміз керек»,- деп Ғұмар Қараш бекер айтпаса керек. Бабамыз айтып кеткен сөз бүгінде мағынасын әлі жойған жоқ.

Ғұмар Қараш – XX ғасыр басындағы Алаш қайраткерлерімен қатар, ұлттық сананың оянуына ерекше еңбек сіңірген, өз заманының сөзі мен ісі бір жерден табысқан дара тұлға. Ол – ақын, ұстаз, ағартушы әрі публицист. Оның өлеңдері мен мақалаларында еркіндік, әділет, білім, ұлттық тұтастық мәселелері өткір қозғалды. Оның өмірі мен еңбегі – бүгінгі жас ұрпақ үшін темірқазық.

Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы:
—Бүгінгі басқосуымыздың себебі қазақ халқының ұлт болашағы үшін аянбай еткен, Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, қоғам қайраткері, ақын, ағартушы Ғұмар Қараштың 150 жылдығына арналған ғылыми танымдық конференция.
Ғұмар Қараш – ХХ ғасырдың басындағы ой-сананың оянуына, рухани жаңғыруына өлшеусіз үлес қосқан тарихи тұлға. Ол – ел ертеңі үшін білім мен ілімнің шамын жаққан, өз заманының шын жанашыры, ұлт мұраты жолында қаймықпай сөйлеген, қайратпен әрекет еткен азамат. Бабамыздың мол мұрасы – әдебиетте де, саясатта да, ағартушылықта да терең із қалдырған. Оның көзі тірісінде жарық көрген еңбектері мен баспасөздегі мақалалары – ұлттық сананы қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Алаш идеясы – теңдік, білім, ұлт бірлігі сынды қағидаттарды ол жүрегімен сезініп, халқы үшін іске асыруға талпынды. Бұл конференция – Ғ.Қараштың өмірі мен қызметіне тағзым ету, жас ұрпаққа оның ерлікке толы ғұмырын насихаттау, тарихи әділетті қалпына келтіру жолындағы маңызды қадам. Осындай алып тұлғалардың тағылымы – Мәңгілік Ел идеясының рухани тірегі деп білемін, – деді өз сөзінде.

Өлкетанушы журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Қазбек Қабжанов «Ғұмар Қараштың рухани ағартушылық қызметі» атты тақырыпта баяндама жасады. Баяндама өзіндік тарихи тереңдігімен және дәлелді фактілерімен қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Ғұмар Қараштың қоғамдық қызметіне жан-жақты талдау жасап, зерттеу жұмысын жаңа деңгейде екенін көрсетіп тұр. Ал М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жаңабек Жаңабайұлы «Тектілік феномені»(Алаш арыстары мысалында) тақырыбындағы баяндамасынан Ғұмар Қараш тұлғасының ұлт болашағы жолындағы күресін анық көруге болады. «Үш томдықты дайындаудың тарихы мен мазмұны» тақырыпта «Дана» орталығының басшысы Жантас Набиоллаұлы баяндама жасады. Айта кету керек, Ғ.Қараш мұраларын зерттеу бағытында сонау Мәскеу қаласына арнайы барып, Ғ.Қараш немересі Надежда Қарашевамен көзі тірісінде жүздесіп, сұхбат алған, Ғұмар Қараштың елімізге кеңінен танылуына аянбай еңбек етіп жүрген Жантас Набиоллаұлының атқарған еңбегі зор.

Жәнібек ауданынан арнайы келіп қатысқан Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейінің Жәнібек аудандық бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «Еңбек Даңқы» төсбелгісінің иегері Меңдігүл Ғарифоллақызы «Әуелі қолдан келсе, еліңді сүй, Ел үшін еңбек еткен еріңді сүй» тақыбындағы баяндамасында нақты дәйектер мен тың ақпарат беріп, көрерменге ой сала білді. Сонымен қатар Ғұмар Қараштың әдеби мұрасын терең зерттеп, оның бүгінгі рухани кеңістікпен байланыстыруда Ғ.Қараш атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, жергілікті өлкетанушы Нұрия Серікқалиқызының еңбегі зор. «Ғұмардың ізімен» атты экспедицияның жетекшілік етіп, келешек ұрпаққа ата-бабалардың жүріп өткен жолдарын таныстыра отырып, бойларына еліне, жеріне деген патриоттық сезімді сіңіре білді.

Жиында Ғ.Қараш атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Мұқағали Сағынғалиев конференцияның қорытындысы ретінде бірауыздан қабылданған қарарды оқыды.

Атап айтар болсақ;
1. Ғұмар Қараштың әдеби және ағартушылық мұрасын білім беру үдерісіне кеңінен енгізу, мектеп бағдарламаларында қосымша оқу құралы ретінде пайдалану ұсынылсын.
2.Ғұмар Қараштың рухани, әдеби мұрасын зерттеу мен насихаттау ісін жүйелі түрде жалғастырсын;
3.Ғұмар Қараш туралы деректі фильмдер мен танымдық бағдарламалар дайындап, БАҚ арқылы кеңінен таратылсын;
4.Ақынның туған жерінде және оқу орындарында тұрақты түрде әдеби-танымдық кездесулер, ашық сабақтар мен байқаулар және Жас зерттеушілер мен оқушылар арасында Ғ.Қараш шығармашылығына арналған эссе, жоба, шығарма байқаулары ұйымдастырылсын;
5. Аудан мектептерінде «Ғұмар Қараш – ұлттық сананың жаршысы» атты тәрбие сағаттары мен ашық сабақтар тұрақты түрде өткізілсін.
6. Ғұмар Қараштың шығармалары мен өмір жолын дәріптейтін бұрыштар, көрмелер білім беру мекемелерінде жаңартылып, толықтырылсын.
7. Конференция материалдары жинақ ретінде шығарылып, аудан көлемінде таратылсын.

Ғұмар Қараш мұрасын ұлықтау — бұл ұлт рухын көтеру, жас ұрпақты тарихи санамен тәрбиелеу. Конференцияда көтерілген ойлар мен ұсыныстар аудандағы білім беру саласының тәрбие және ғылыми бағыттағы жұмыстарын жандандыруға серпін береді.

Аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев конференция қонақтарына Ғұмар Қараштың 150 жылдығына арналған «Ғұмар Қараш 150 жыл» медалі мен естелік сыйлық табыстады.

Тағылымы мол шараны одан әрі рухани әсермен толықтыру мақсатында концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Концерттік бағдарламада тыңдарман Ғ.Қараштың туындылары, поэзиялық композиция, әуезді әуен мен мың бұрала билеген бишілердің биіне куә болды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-kaztalov/press/news/details/1001988?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *