🤖 «My robot» облыстық байқауы

Опубликовано:

Автор:

в категории

21 мамыр күні Оқушылар сарайы базасында БҚО білім басқармасының Білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының ұйымдастыруымен 10-18 жас аралығындағы оқушылар арасында «My robot» облыстық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың робот техникасына қызығушылығын арттыру, ұлттық ойын элементтері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту және талантты жастарды қолдау.

🧠 Сайыс 4 номинация бойынша өтті:
– «Арқан тартыс» (10-13 жас)
– «Теңге алу» (10-13 жас)
– «Инновациялық роботтар» (14-18 жас)
– «Көкпар» (14-18 жас)

Байқауға облысымыздың әр аудан-қалаларынан келген 36 команда, барлығы 65 оқушы қатысты.

«Арқан тартыс» номинациясының үздіктері:

🏆 ЖЕҢІМПАЗДАР:
🥇 І орын – Қайрат Нұрасыл, Өтеген Абдурахман
Жаңақала ауданы, С.Мендешев мектебі (Жетекшісі: А.С.Қабиев)

🥈 ІІ орын – Исанов Азиз, Бектасов Нұртас ,Теректі ауданы, Подстепный мектебі (Жетекшісі: Д.Ж.Бердибеков)

🥉 ІІІ орын –
Әділ Кәусәр, Қожағали Көркем (Бөрлі ауданы, №4 мектеп, жетекшісі: Н.Ғ.Ермухан)
Амангелді Ераман, Нұрлан Шыңғыс (Жәнібек ауданы, Т.Жароков мектебі жетекшісі: М.Н.Утегенов)

🏅 Арнайы аталымдар:
🔸 «Қайсар тартыс» – Мұрат Қайсар, Мусин Мансұр (Орал қаласы, №44 мектеп-гимназиясы, жетекшісі: А.С.Кинешов)
🔸 «Жеңіске деген жігер» – Гумаров Бекжан, Шамшур Артем (Тасқала ауданы, Шежін МБК, жетекшісі: Н.Б.Исмагулова)
🎯 «Теңге алу» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

🥇 І орын – Жанболат Әли, Даниялов Мерлан
Жаңақала ауданы, С.Мендешев мектебі (жетекшісі: А.С.Қабиев)

🥈 ІІ орын – Нұрсұлтан Ислам, Нұрболат Нұртілеу
Орал қаласы, №42 «Ақ ниет» гимназиясы (жетекшісі: Р.Е.Сағиев)

🥉 ІІІ орын – Рахимов Ильяр, Сағынғали Әл-Фараби
№8 облыстық мектеп-лицейі(жетекшісі: М.Кабибуллин)

🏅 Арнайы аталымдар:
🔹 «Дәлдік иесі»– Гульвас Петр, Тукжанов Саян (Бөрлі ауданы, №3 мектеп, жетекшісі: Т.А.Соколова)
🔹 «Теңге шебері»– Аяпберген Мансұр (Тасқала ауданы, Сәулет лицейі, жетекшісі: Б.Б.Шурин)
💡 «Инновациялық роботтар» номинациясы бойынша үздіктер:

🥇 І орын – Верченко Матвей Орал қаласы, №13 мектеп
(жетекшісі: А.М.Екпинова)

🥈 ІІ орын – Кенжебай Арнұр, Буркутова Фатима
Бөрлі ауданы, №3 мектеп (жетекшісі: А.К.Каюпова)

🥉 ІІІ орын –
Ирсайын Рахат (Жәнібек ауданы, Т.Жароков мектебі, жетекшісі: М.Н.Утегенов Мырзабек Төрегелді (Жаңақала ауданы, С.Мендешев мектебі, жетекшісі: А.С.Қабиев)

🎨 Арнайы аталым:
«Үздік дизайн» – Саламатұлы Есенаман, Кабдолуап Олжас
(Сырым ауданы, Сырым мектеп-лицейі, жетекшісі: А.С.Кереева) 🏆 «Көкпар» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

🥇 І орын – Төреғали Орынбек, Турумбетов Азамат
Тасқала ауданы, Сәулет мектеп-лицейі
(жетекшісі: Б.Б.Шурин)

🥈 ІІ орын – Шайхулла Бекжан, Тоғызбай Бағдаулет
Орал қаласы, №10 А.Байтұрсынов атындағы мектеп
(жетекшісі: Ж.М.Чожикова)

🥉 ІІІ орын –
Жұмағали Әмір, Ерланұлы Иманай (Ақжайық ауданы, Абай атындағы мектеп-гимназия, жетекшісі: А.Б.Жылқайдаров)
Ерболат Нұржол, Ануар Назарбек (Жәнібек ауданы, Ғ.Абдуллин мектебі, жетекшісі: М.С.Мендешов)

🎖 Арнайы аталым:
🔸 «Темір дода шебері» – Қайырболатұлы Шыңғыс, Жақсыбек Мейіржан
Сырым ауданы, Сырым мектеп-лицейі
(жетекшісі: Ж.Мендешұлы)
🌟 Робототехника мен ұлттық мұраны біріктірген бұл байқау – оқушылардың техникалық ойлауын дамытудағы тамаша алаң!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1002128?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version