Дәл осындай атаумен бүгін Ақжар ауылындағы «Абай атындағы орта мектебі» КММ салтанатты шарасы өтті.
Шараға аудандық мәслихат төрағасы О.Канагатов,ардагер ұстаздар, ата-аналар, мектеп түлектері мен мектеп директоры қатысты.
Жиналғандардың алдында аудандық мәслихат төрағасы Омирхан Айкенович құттықтау сөз сөйлеп, жас түлектерге ізгі тілегін білдірді.
Өз кезегінде ардагер ұстаздар, мектеп директоры Н.Акибаева, ата-аналар құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірсе, жас түлектер атынан «Алтын белгі» үміткерлері біліммен қанаттандыру арқылы бүгінгі жетістікке жетуге аянбай үлес қосқан ұстаздар қауымы мен ата-аналарға өз ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да барша тілеулес жандардың үкілеген үмітін ақтайтындарын жеткізді.
Шара соңында мектеп директоры, ардагер ұстаздар, ата-аналар мен түлектер аудандық мәслихат төрағасымен естелік суретке түсті.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1003078?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ