Қызылорда қаласындағы Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі «Үздік 100 мектеп» қатарына енді

Опубликовано:

Автор:

в категории
Қызылорда қаласындағы Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі 2024-2025 оқу жылының қорытындысымен еліміздегі «Үздік 100 мектеп» қатарына енді!
 
Бұл ұжымның мазмұнды да нәтижелі еңбегінің, ұстаздардың жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі кәсіби шеберлігінің, білім беру процесіне жаңашыл идеялар мен заманауи әдістерді табысты енгізудің, оқушылардың жоғары жетістіктерінің, ата-аналардың сенімі мен қолдауының айқын көрінісі.
 
«Үздік 100 мектеп» қатарына ену үшін оқушылардың білім сапасы, сыртқы бағалау қорытындылары, олимпиада мен ғылыми жоба көрсеткіштері, педагогтердің біліктілігі, материалдық-техникалық база, білім алушыларға қауіпсіз орта құру, мектепте қалыптасқан дәстүрлер мен корпоративтік мәдениетті сақтау бойынша 20 бағыттағы жұмыстар сараланды.
 
Мектеп-лицейді 222 түлек үлкен жетістіктермен бітіріп шықты. Мектеп оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары. Мектеп-лицей «Үздік білім беру ұйымы-2022» байқауының жеңімпазы. Мектепте обсерватория жұмыс жасайды. Арнайы қосымша білім беру орталығы, арнайы инклюзивтік білім беру орталығы бар. Мектеп мұғалімі С.Көмекбаева инклюзивтік білім бойынша республикалық авторлық бағдарламалар сайысының жеңімпазы.
 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың арнайы құттықтауын Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы Айгүл Мырзағалиева білім беру ұйымына табыстады.
Биылғы оқу жылының сәтті аяқталуымен ұжымды құттықтап, еңбектеріне табыс, жаңа бастамаларға сәттілік тіледі!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/1003091?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version