Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНДЕ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Түркістан облысында 23 мамыр күні мектеп түлектерінің қатысуымен «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара мектеп қабырғасында өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев облыс орталығында орналасқан №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясындағы соңғы қоңырау рәсіміне қатысып, жас түлектерге жылы лебізін білдірді. Аяқталғалы отырған оқу жылы өңір үшін де жемісті жыл болды. 2024-2025 оқу жылында 33 884 оқушы 11-сыныпты тәмамдады. Оның 2313-і – «Алтын белгіге» үміткерлер, 2400 оқушы жалпы орта білім беру туралы «Үздік аттестатқа» үміткер атанды. Ал ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 386 оқушы өтінім білдірген.

– Еліміздің болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан әр кезде терең білім алу жолында жалықпай, талмай, ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызды тілеймін, – деді Бейсенбай Дәулетұлы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, оқу жылы 34 аптаға жалғасты. Бүгін барлық 1-11 сынып оқушылары үшін «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Бұл оқушылардың жыл бойы алған білімін қорытындылап, отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған. 2024-2025 оқу жылындағы қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану бағыттағы республикалық олимпиадаға қатысушы-командалардың сапалық рейтингі бойынша Түркістан облысы үздік үштікте. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың білім саласындағы 20 өлшемшарттан тұратын рейтинг көрсеткішінің нәтижесінде республика бойынша «Үздік 100 мектептің» қатарына Түркістан өңірінен 5 білім ордасы енді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

В ШКОЛАХ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОЗВЕНЕЛ ПОСЛЕДНИЙ ЗВОНОК

Во всех школах Туркестанской области 23 мая с участием выпускников прошло торжественное мероприятие “Мектебім, саған мың алғыс!”. Заместитель акима Туркестанской области Бейсенбай Тажибаев принял участие в церемонии последнего звонка в школе-гимназии №15 имени М. Жумабаева, расположенной в областном центре. Завершающийся учебный год стал плодотворным для региона. В 2024-2025 учебном году 33 884 учащихся окончили 11 класс. Из них 2 313 претендентов на “Алтын белгі”, 2 400 учащихся стали претендентами на “Аттестат с отличием” об общем среднем образовании. На участие в Едином национальном тестировании подали заявки 27 386 учащихся.

– Будущее нашей страны в ваших руках. Поэтому желаю, чтобы каждый раз на пути к глубоким знаниям вы становились неутомимыми, неустанными, ищущими и держащими бразды правления страной”, – пожелал Бейсенбай Даулетулы.

Согласно приказу Министерства образования и науки РК, учебный год продолжался 34 недели. Сегодня для всех учащихся 1-11 классов проведен единый классный час на тему “Білімім – Отаныма”, направленный на воспитание патриотизма, обобщение знаний, полученных учащимися в течение года. Туркестанская область входит в тройку лучших по качественному рейтингу команд-участников республиканской олимпиады по общественно-гуманитарному и естественнонаучному направлению в 2024-2025 учебном году. Также в результате рейтингового показателя министра образования Республики Казахстан Гани Бейсембаева, состоящего из 20 критериев в области образования, в число “100 лучших школ” республики вошли 5 учреждения образования Туркестанской области.

Пресс-служба акима Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1003424?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *