Арал ауданындағы №220 орта мектебі 2024-2025 оқу жылының қорытындысымен еліміздегі «Үздік 100 мектеп» қатарына енді!
Бұл оқу орындарының мазмұнды да нәтижелі еңбегінің, ұстаздардың жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі кәсіби шеберлігінің, білім беру процесіне жаңашыл идеялар мен заманауи әдістерді табысты енгізудің, оқушылардың жоғары жетістіктерінің, ата-аналардың сенімі мен қолдауының айқын көрінісі.
«Үздік 100 мектеп» қатарына ену үшін оқушылардың білім сапасы,сыртқы бағалау қорытындылары, олимпиада мен ғылыми жоба көрсеткіштері, педагогтердің біліктілігі, материалдық-техникалық база, білім алушыларға қауіпсіз орта құру, мектепте қалыптасқан дәстүрлер мен корпоративтік мәдениетті сақтау бойынша 20 бағыттағы жұмыстар сараланды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың арнайы құттықтауын Департамент басшысы Ғалия Даулетова №220 мектеп директоры Әліби Әбілбаевқа табыстады.
№220 орта мектепті 80 түлек бітіріп шықты, мектеп оқушылары республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздары, ғылыми жоба жарыстарының жүлдегерлері. Былтырғы жылғы мектеп түлегі Рысқалиев Нұрсұлтан ұлттық бірыңғай тестілеуден 137 балл жинаған. Биылғы жылы Мәдиқызы Еркеназ мектеп қабырғасында жүріп СДУдың грант иегері атанды.
Добавить комментарий Отменить ответ