📚 Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және түлектер!

Опубликовано:

Автор:

в категории

2024-2025 оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жыл жаңашылдықтар мен жетістіктерге толы болды. Батыс Қазақстан оқушылары білім мен өнер бәйгесінде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өңіріміздің мерейін өсірді.

👩‍🏫 Ұстаздар қауымына – тынымсыз еңбектеріңіз бен шәкірт тәрбиесіндегі табандылықтарыңыз үшін алғыс білдіремін.
👨‍👩‍👧‍👦 Ата-аналарға – қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін.
Құрметті оқушылар! Алда – демалыс кезеңі. Жазғы демалыстарыңыз көңілді де пайдалы өтіп, жаңа оқу жылына тың күшпен оралуларыңызға тілектеспін.
🎓 Қымбатты түлектер! Мектеп – өмірдің берік іргетасы. Алда жаңа белестер, үлкен таңдау мен жауапты сәттер тұр. Армандарыңыз асқақ, жолдарыңыз ашық болсын! Сіздерге сәттілік, табыс және жарқын болашақ тілеймін!

Баршаңызға мықты денсаулық, амандық және толағай табыс тілеймін!

Ізгі тілекпен,
Елдос Набиоллаұлы Сафуллин
БҚО білім басқармасының басшысы

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1003335?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *