🎓 “Мектебім, саған мың алғыс!” салтанатты шарасы

Опубликовано:

Автор:

в категории

Бүгін дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында оқу жылының аяқталуына арналған “Мектебім, саған мың алғыс!” атты салтанатты кеш өтті.

Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы әкімi Нариман Төреғалиев пен облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин арнайы қатысты. Облыс әкімі түлектерге жүрекжарды құттықтауын арнап, олардың жетістіктерін ерекше атап өтті. Үздік бітірушілерге бағалы сыйлықтар табысталды.

Мектеп директорының алғыс сөзі мен оқушылардың қошеметі шараға сән берді. Түлектер вальс билеп, мектеппен қоштасу әнін орындап, әсерлі әрі есте қаларлық сәттерге толы күн болды.

📸 Білім мен тәрбиені қатар ұштастырған мектептің салтанатты шарасы – болашаққа сеніммен аттанған жас түлектердің естен кетпес естелігіне айналды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1003288?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *