
Департамент мамандары облыс мектептерінде өткен оқу жылының аяқталуына арналған Салтанатты шараларға қатысып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың атынан «Үздік мектеп – 2025» марапаттарын табыстады.
Биылғы оқу жылының нәтижесі бойынша Қостанай облысында жоғары марапатқа 6 мектеп иеленді. Жоғары марапатқа ие болған Қостанай қаласының С.Мәуленов атындағы гимназия, Қостанай қаласының физика-математикалық лицейі, Рудный қаласының Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназия, Рудный қаласының №4 мектеп-лицейі, Лисаков қаласының мектеп-лицейі және Амангелді ауданының Б.Қолдасбаев атындағы мектептің педагогикалық ұжымдары осы оқу жылында білім беру үрдісіне жаңашылдықтар және заманауи әдістер енгізумен, тәрбие жұмысындағы жетістіктермен ерекшеленді. Марапатқа жету – бұл оқушылар, ата-аналар және педагогтердің бірлескен еңбегі.
Құттықтау сөздерінде мектеп басшылары Оқу-ағарту министрінің құрметін жаңа бастамаларға жетелейтінін айтып, саланың білімді қоғам, кемел болашақ қалыптастырудағы маңыздылығын атады. Департамент қызметкерлері педагогикалық ұжымдарға табысты еңбек, түлектерге сәттілік тіледі.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-kostanay/press/news/details/1003213?lang=kk
Добавить комментарий