ҚЫЗЫЛОРДА: «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы А.Кеңес Облыстық прокуратураның бастамасымен ұйымдастырылған «Заң және тәртіп керуені» акциясына қатысты.

Құқық қорғау органдарының басшылары қатысқан жиында Аслан Кеңесұлы қаржылық пирамиданың зардабы мен алдын алу шаралары бойынша өңірде атқарылып жатырған жұмыстар туралы баяндама жасады. Мұнымен қоса, арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, құқық қорғау органдарымен бірлесіп ақпан айында басталған аталмыш акция аясында 135 елді мекендер мен аудан орталықтары қамтылды. Онда ауылдардағы халықпен кездесу, жеке қабылдау, әлеуметтік нысандардың жағдайын білу, аула (көше) аралау арқылы тұрғындармен әңгімелесу, елді мекеннің жалпы жағдайын зерделеу нысанында жүргізілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-kyzylorda/press/news/details/1003305?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *