ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК – ӘР АЗАМАТҚА

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін аудандық «AMANAT» партиясы филиалының жоспарына сәйкес, Зертас ауылдық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау өтті.
Іс-шара «Құқықтық көмек» жобасы аясында өткізіліп, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсетуге бағытталды.
Қабылдауға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, сондай-ақ аудандық бөлімдердің басшылары мен жауапты мамандар қатысты. Олар ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, түрлі мәселелерін тыңдады, арыз-шағымдары мен ұсыныс-пікірлерін тіркеді.
Қабылдау барысында тұрғындар ауыз су, тұрақсыз электр жарығы, интернет желісінің әлсіздігі және жұмыссыздық мәселелерін көтерді. Әрбір тұрғынның өтініш-тілегі назарға алынып, оларға заң аясында кеңес беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындар көтерген мәселелер хаттамаға енгізіліп, олардың орындалуы тиісті мекемелердің бақылауына алынатыны жеткізілді.
 
Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1003578?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version