
Түркістанда кеден бекеттеріндегі сыбайлас жемқорлық кедергілерін жою бойынша шаралар қабылдануда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдардың және сыртқы экономикалық қызмет өкілдерінің қатысуымен “Атамекен», «Қазығұрт», «Қапланбек» және «Қонысбаев» кеден бекеттерінде көшпелі кездесулер өтті.
Басты назар әкімшілік кедергілерді жою, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту, шекарадағы транзиттік әлеуетті арттыру және көліктердің, оның ішінде жаңартылған бекеттердегі кептеліс мәселесін шешуге аударылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды шаралардың бірі, жүргізушілерге қажеті болмаса да, барлық бақылау қызметтерінен мөрлерді жинауға міндеттелген “өту талонының” күшін жою, бюрократияны азайту.
Кездесулерде рәсімдерді цифрландыру, кедендік бекеттерді жаңғырту, кедендік бақылауды оңтайландыру және тасымалдаушыларға ыңғайлы болу үшін жаңа қызметтерді енгізу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, кеден бекеттерінде «Қазпошта» АҚ кассалары жұмыс істей бастады, олар арқылы айыппұлдарды ресми түрде төлеуге болады, бұл жаңашылдық делдалдардың қатысуын болдырмауға және қаражатты бейресми жинау тәуекелін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы М. Төлеубаев кеден қызметкерлері алдында сөз сөйлеп, “Заң және тәртіп” қағидаттарын және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік саясатын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Естеріңізге салсақ, кеден саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде, қорытындысымен мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін күшейту бойынша ұсыныстар жіберілетін болады.
В Туркестане принимаются меры по устранению коррупционных барьеров на таможенных постах
Департамент Агентства по противодействию коррупции провел выездные встречи на таможенных постах «Атамекен», «Казыгурт», «Капланбек» и «Конысбаев», в которой приняли участие представители внешнеэкономической деятельности, правоохранительных, местных исполнительных и уполномоченных государственных органов.
Основное внимание было уделено устранению административных барьеров, минимизации коррупционных рисков, увеличению транзитного потенциала на границе и решению проблем скопления автотранспорта, в том числе на модернизируемых постах.
Одной из важных антикоррупционных мер стало упразднение так называемого «бегунка» — бумажного талона, обязывавшего водителей собирать печати всех контрольных служб, даже при отсутствии необходимости. Эта мера позволит сократить бюрократию и снизить возможности для злоупотреблений.
Участники совещания обсудили цифровизацию процедур, модернизацию таможенных постов, оптимизацию таможенного контроля и внедрение новых сервисов для удобства перевозчиков. Так, на постах начали функционировать кассы АО «Казпочта», через которые можно официально оплачивать штрафы. Это позволило исключить участие посредников и значительно сократить риск неформального сбора денежных средств.
Руководитель Департамента антикоррупционной службы М.Тюлеубаев, выступая перед сотрудниками таможни, подчеркнул важность соблюдения принципов «Закон и порядок» и политики нулевой терпимости к коррупции.
Участникам встречи также сообщили о проводимом внешнем анализе коррупционных рисков в таможенной сфере.
По его итогам в государственные органы будут направлены рекомендации по усилению антикоррупционных механизмов.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1017783?lang=kk
Добавить комментарий