Түркістан облысында Терроризмге қарсы комиссия отырысы өткізілді

Опубликовано:

Автор:

в категории

Түркістан облысының Әкімі – Н. Көшеровтың төрағалығымен Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.

Комиссия отырысына облыстық терроризмге қарсы комиссиясының мүшелері, құзырлы органдардың басшылары мен тиісті департаменттердің басшылары және қала, аудан әкімдері қатысты.

Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, күн тәртібінде терроризмге қарсы іс-қимылға бағытталған мақсатты шараларды іске асыру барысы және туындаған мәселелері туралы Дін істері басқармасы, Білім басқармасы және Ордабасы ауданының Әкімінің есебі қаралды.

Сонымен бірге, отырыс барысында профилактикалық шараларды жандандыру мен кәмелетке толмағандар арасында деструктивті діни ағым идеологиясына қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру жөнінде баяндамалар жасалып, мәселелер талқыланды.

Баяндамашылық тәртіптен кейін, 3 айдың қорытындысымен ТҚК қызметі саласындағы орындаушылық тәртіп туралы сын-пікірлер тыңдалды.

Аудандық, қалалық терроризмге қарсы комиссия мүшелерінің қызметін ынталандыру мақсатында, облыс әкімінің назарына қызметін жоғары және төмен деңгейде ұйымдастырған ТҚК хатшылары мен бөлім басшылары ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және алға қойылған жоспар талқыланып, хаттамалық тапсырмалар берілді.

         

Материал Түркістан облысы бойынша

ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1017959?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *