
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Бәйтерек ауданында екі жаңа білім ордасының құрылысы жүргізілуде:
🏫 Достық ауылында – 1200 орындық мектеп. Бұл нысан заманауи пәндік кабинеттермен толық жабдықталып, білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
🏫 Пугачев ауылында – 300 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба апатты жағдайдағы мектептің мәселесін шешуге бағытталған.
🔹 Құрылыс жұмыстарының барысымен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Мендіғалиев және облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин арнайы танысып шықты.
🔸 Аталған нысандар іске қосылған соң, аудандағы білім беру инфрақұрылымының сапасы артып, оқушылар үшін қолайлы, қауіпсіз орта қалыптасады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1017711?lang=kk
Добавить комментарий