Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті

Опубликовано:

Автор:

в категории

Алматы қаласының терроризмге қарсы жедел штабының бастамасымен Алматы метрополитенінде терроризмге қарсы оқу-жаттығу шаралары өткізілді. 

Оқу-жаттығу кезінде метро пойыздарының қозғалыс кестесіне ешқандай шектеулер енгізілген жоқ.

Іс-шараның мақсаты – келіссөз жүргізу дағдыларын жетілдіру, кепілге алынған адамдарды босату және қылмыскерлерді залалсыздандыру бойынша арнайы операция өткізу.

Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы нысанының терроризмге қарсы қорғалу жүйесі мен ықтимал дағдарыстық жағдайларға ден қою мүмкіндігі тексерілді.

Жалпы, өткізілген оқу-жаттығу шарасы террорлық қауіп төнген жағдайда қойылған міндеттерді сапалы орындауға және мамандардың кәсіби дайындығын арттыруға оң әсерін тигізді.

 

Алматы қаласының ТҚК

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1017981?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *