
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА САУРАН ҚАЛАШЫҒЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тарихи Сауран қалашығында жалпыхалықтық сенбілік өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тарихи-мәдени мұраларды сақтау, қоршаған ортаны тазарту, сондай-ақ жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.
Сенбілікке жергілікті тұрғындармен қатар, еріктілер, студенттер және жастар ұйымдарының өкілдері белсене атсалысты. Қатысушылар қалашық аумағында санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны тазартуға өз үлестерін қосты.
Акция барысында Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Талантты жастарды қолдау» бөлімінің басшысы Нұрболат Әлімханұлы сөз сөйлеп, «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп жатқан ауқымды экологиялық бастама екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл шара табиғатты сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында үлкен маңызға ие. Сондықтан Түркістан облысының жастары белсенді түрде қолдау білдіріп отыр. Сонымен қатар орталықтың маманы, белсенді жас Кененбай Арыстан «Жасыл ел» бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, жастарды табиғатқа жанашыр болуға үндеді.
Іс-шара барысында тазалық жұмыстарымен қатар, қатысушылар арасында экологиялық мәдениетті насихаттау, табиғатты қорғау тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастарға қоршаған ортаның адам өміріндегі маңызы мен оны қорғаудың өзектілігі туралы ақпарат берілді.
Шара соңында қатысушылар қала тұрғындарын қоршаған ортаға бейжай қарамауға, табиғатты бірлесе қорғауға және Сауран қалашығы аумағын таза ұстауға шақырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——————–
В РАМКАХ АКЦИИ “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” В САУРАНЕ ПРОШЕЛ ОБЩЕНАЦИОНАЛЬНЫЙ СУББОТНИК
КГУ “Молодежный ресурсный центр” управления общественного развития Туркестанской области организовал субботник на историческом городище Сауране в рамках республиканской экологической акции “Таза Қазақстан”. Основная цель мероприятия – сохранение историко-культурного наследия, очистка окружающей среды, а также повышение ответственности молодых граждан за окружающую среду.
Активное участие в субботнике приняли местные жители, волонтеры, студенты, представители молодежных организаций. Они провели санитарную очистку и благоустройство территории городища.
Руководитель отдела поддержки талантливой молодежи КГУ “Молодежный ресурсный центр” Туркестанской области Нурболат Алимханулы отметил, что акция “Таза Қазақстан” является масштабной экологической инициативой, проводимой во всех регионах страны. По его словам, данная мера имеет большое значение в сохранении природы и формировании экологической культуры.
Туркестанская молодежь активно поддерживает различные экологические мероприятия. Специалист МРЦ Кененбай Арыстан отметил важность программы “Жасыл ел” и призвал молодежь бережно относится к природе.
В ходе мероприятия, наряду с уборкой, для участников была проведена разъяснительная работа на тему пропаганды экологической культуры и охраны природы. В завершение мероприятия организаторы призвали граждан содержать территорию Саурана в чистоте.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1004170?lang=kk
Добавить комментарий