Бүгін ауданымызда “Таза Қазақстан” акциясы аясында табиғатты қорғауға бағытталған сенбілік өтті. Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың жетекшілігімен ауыл әкімдері, бөлім және мәслихат аппараты қызметкерлері Сайрамсу өзенінің бойын күл-қоқыстан тазартуға шықты.
18 шақырым өзен жағалауы тұрмыстық қалдықтан арылып, 5 тоннаға жуық қоқыс арнайы орынға жеткізілді. Іске 10 техника жұмылдырылды.
Бұл – табиғатты қорғау, туризмге қолайлы өңірдің тазалығын сақтау жолындағы нақты қадам болды.
Сондай-ақ “атадан мал қалғанша, тал қалсын” дегендей көктем басталғалы аудан бойынша 30 мыңнан астам көшет егілді. Бұл – келешек ұрпаққа жасалған аманат, табиғатқа көрсетілген жанашырлықтың белгісі.
Табиғатпен тіл табысу, оны сақтау, сүйе білу, бұл – ұлттық тәрбие. Осындай ізгі істер жалғасын таба берсін.
Ел арасында “еккен ағаштарың бәрібір өспейді”, “ана жерде әлі қоқыс жатыр” деген әңгімелерді жиі естиміз. Бірақ осы тазалық жұмысы, табиғатты күтіп-баптау тек әкімдікке немесе бір мекемеге ғана керек па деген ой мазалайтыны рас.
Бұл – бәрімізге ортақ үйдің шаруасы. Сол үйдің таза болуы – әр отбасының, әр азаматтың жауапкершілігі деп білемін.
Атамекенге жанашырлық сын сөзбен емес, іспен көрінуі керек. Ендеше, әрқайсымыз табиғатқа жасаған бір қадамымыз арқылы ұрпаққа үлгі, елге пайда берейік.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1004267?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ