
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың «Үздік мектеп – 2025» марапатын Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК-на Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Кульбай Абылайхан Айдарұлы табыстады.
Биылғы оқу жылында 129 түлек оқуды аяқтады. Соның ішінде 1 оқушы «Алтын белгі» белгісіне, 5 оқушы үздік аттестатқа үміткер.
Алдағы уақытта да еліміздің зияткер, дарынды, отаншыл ұрпағын тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбектеріңіз жаңа жетістіктер мен биік белестерге жеткізе берсін. Ұжымға шығармашылық шабыт, сарқылмас күш-қуат, әріптестік бірлік пен толағай табыс тілейміз!
Сәт-сапар, жас түлек!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-astana/press/news/details/1003788?lang=kk
Добавить комментарий