«Үздік мектеп – 2025 марапаты табысталды

Опубликовано:

Автор:

в категории

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың «Үздік мектеп – 2025» марапатын Астана қаласы әкімдігінің «Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК-на Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Мергенбекова Айдана Манасқызы табыстады.

Мектеп 2024-2025  оқу жылының   оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы бойынша табысты нәтижелерге жетті. Биылғы оқу жылында 158 түлек оқуды аяқтады. Соның ішінде 4 оқушы «Алтын белгі» белгісіне, 12 оқушы  үздік аттестатқа үміткер.

Биылғы оқу жылының өзінде әлемнің алдыңғы қатарлы беделді оқу орындарына түскен бірнеше түлектер бар, атап айтқанда Asia Pacific University (APU), Малайзия мемлекеті «Бизнес аналитикасы» мамандығы, Австриядағы -Johannes Kepler Universität Linz, Sejong университетiне жолдама, Luiss University Римдегі Guido Carli (Италия) —беделді университеті, «Гонконг политехникалық» университеті, MNU университеті алып отыр.

Сондай-ақ 9-сынып оқушысы Саулебек Алидан Америка Құрама штаттарының Хьюстон қаласында өткен халықаралық «Copernicus» олимпиадасының жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша абсолюттік чемпионы атанған. 11-сынып оқушылары Темірбек Айша мен Рысқұлбеков Нұрасыл халықаралық STEM олимпиадасына қатысып, шілде айында өтетін Испания мемлекетінің Барселона қаласына жолдама алды.

Алдағы уақытта да еліміздің зияткер, дарынды, отаншыл ұрпағын тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбектеріңіз жаңа жетістіктер мен биік белестерге жеткізе берсін. Ұжымға шығармашылық шабыт, сарқылмас күш-қуат, әріптестік бірлік пен толағай табыс тілейміз!

Сәт-сапар, жас түлек!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-astana/press/news/details/1003787?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version