Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадты мыңдаған қостанайлық тамашалады

Опубликовано:

Автор:

в категории

Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадты мыңдаған қостанайлық тамашалады

Бүгін Қостанай облысының орталық алаңдарында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Астанадағы әскери парадтың тікелей көрсетілімі өтіп жатыр.

Ауа райының бұлтты және сәл жауын-шашынды болуына қарамастан, қала тұрғындары отбасыларымен және достарымен бірге парадты тамашалап, ерлерді еске алу үшін жиналды.

Астанадағы парадқа Қостанай облысынан делегация да қатысуда. Құрметті қонақтар қатарында – 99 жастағы Қасымхан Алдабергенов пен 97 жастағы Леонид Дячков бар.

Атмосфера жылы әрі салтанатты — адамдар әсерлерімен бөлісіп, суретке түсіп, осындай маңызды оқиғаның бір бөлігі болғанына қуанып жатыр.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/1016701?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *