Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ «САЛТАНАТ» МЕМЛЕКЕТТІК БИ АНСАМБЛІНІҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
✔️Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» кешенінде ҚР Еңбек сіңірген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің «Би керуені» жобасы аясында концерті өтті. Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, би ұжымын 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.
✔️«Би керуені» жобасы аясында өткен концерттік шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты. Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Мұрат Оспанов өз кезегінде бірқатар мамандарға алғыс хат табыстады. ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Түркістан қалалық Әйелдер алқысының төрайымы, биші Ұлжан Мұстафаева да алыстан ат терлетіп келген би ұжымына ізгі лебізін арнады. Ансамбль директоры Елубай Кенжалиев келген көрерменге алғысын білдірді.
✔️Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі ұлттық хореография мәдениетінің бай мұрасын және әлемдік хореографияның алуан түрлігін толық насихаттай алатын бірегей кәсіби би ұжымы саналады.
✔️Мерекелік кеште қазақтың ұлттық билерімен қатар, әлем халықтарының би туындылары орындалды. Концерт барысында көрермендерге әр ұлттың салт-дәстүрі мен мәдениеті би арқылы паш етілді. Кештің құрметті қонақтары ретінде ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, әнші Өмірқұл Айнязов және ҚР Мәдениет саласының үздігі, күйші Рахат Сарсенов өнер көрсетті. Қала тұрғындары мен қонақтары рухани кештен ерекше әсер алып, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.
✔️Айта кетейік, осы күні «ЗАҢ және ТӘРТІП» қаржылық қауіпсіздік форумы аясында баспасөз мәслихаты өтіп, би ансамблінің жетекшілері сұхбат берді. Содан соң шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, өңірдегі би ұжымдарына тәжірибелі мамандар би өнерінің қыр-сырымен бөлісті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
———————-
В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛСЯ КОНЦЕРТ ГОСУДАРСТВЕННОГО АНСАМБЛЯ ТАНЦА «САЛТАНАТ»
✔️В концертном зале «Конгресс Холл» города Туркестан состоялся концерт в рамках проекта «Караван танца» государственного ансамбля танца «Салтанат», удостоенного звания заслуженного коллектива Республики Казахстан. На мероприятии присутствовал заместитель акима Туркестанской области Ертай Алтаев, который поздравил коллектив с 70-летним юбилеем.
✔️Концерт был организован Министерством культуры и информации РК и Агентством РК по финансовому мониторингу при поддержке акимата Туркестанской области. Заместитель руководителя Департамента экономических расследований по Туркестанской области Мурат Оспанов вручил благодарственные письма ряду специалистов. Также с приветственным словом выступила Заслуженный деятель культуры РК, кавалер ордена «Құрмет» и медали «За трудовое отличие», председатель Женского совета города Туркестан, танцовщица Улжан Мустафаева. Директор ансамбля Елубай Кенжалиев выразил благодарность зрителям за тёплый приём.
✔️Государственный ансамбль танца «Салтанат» — это уникальный профессиональный коллектив, способный ярко представить как богатое наследие национальной хореографии, так и разнообразие мировой танцевальной культуры.
✔️В праздничной программе были исполнены не только казахские национальные танцы, но и танцы народов мира. Зрители смогли увидеть через танец культуру и традиции разных народов. Почётными гостями вечера стали Заслуженный деятель культуры РК, кавалер ордена «Құрмет», певец Омиркул Айнязов и лауреат в области культуры РК, кюйши Рахат Сарсенов. Горожане и гости Туркестана получили огромное удовольствие и заряд позитивной энергии от вечера.
✔️Отметим, что в этот же день в рамках форума по финансовой безопасности «ЗАКОН и ПОРЯДОК» прошла пресс-конференция, где руководители ансамбля дали интервью. Затем состоялись мастер-классы, на которых опытные специалисты делились секретами хореографического искусства с танцевальными коллективами региона.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1012650?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *