4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Тамды ауылдық округінің әкімі А.К.Сейдалиев ауыл тұрғындары, мекеме ұжымдарымен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындады.
Шараның мақсаты – ел тұрғындарының мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, жастардың бойында отансүйгіштік сезім мен патриоттық рухты қалыптастыру. Мемлекеттік Гимн орындалған сәтте қатысушылар жүрек тұсына қолдарын қойып, елге деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Аталған іс-шара ауылдық округтегі рухани-патриоттық тәрбие жұмыстарының маңызды бөлігі болып табылады.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tamdy/press/news/details/1012619?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ