Бүгін сегізінші шақырылымның кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы өтті.
Мәжілісті аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Кезектен тыс сессияның қарауына төмендегі мәселелер ұсынылды:
1. Аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы.
2. Төлеби аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №22/122-VIІI «2025-2027 жылдарға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы №23/128-VIІI «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы №23/129-VIІI «Төлеби ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5. Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы №23/130-VIІI «Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
6. Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы №23/131-VIІI «Төлеби ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
7. Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 сәуірдегі №25/146-VIІI «Төлеби аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
8. Ауданда «Ұлтаралық қатынастар және бейбітшілік пен келісімді нығайту» барысында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы.
9. Ауданда «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңның орындалу барысы жайлы.
Сессияның күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер біріккен тұрақты комиссия отырысында егжей-тегжейлі талқыланған болатын. Сондықтан, ой елегінен өткізіліп, сараланып, пысықталған мәселелер бойынша халық қалаулылары бірауыздан дауыс беріп, шешімдер қабылданды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1012327?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ