
13 маусым күні ТЖД Кәсіби қызметтік дайындық аясында жеке құраммен діни экстремизм мен деструктивті ағымдардың алдын алу, сондай-ақ наркоманияның зияны тақырыбында оқу-сабақ ұйымдастырылды.
Іс-шараға Алматы қаласы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы және наркоорталық қызметкерлері қатысып, мамандар қызметкерлерге радикалды идеологиялар мен нашақорлықтың қоғамға тигізер қауіпі, олардың таралу жолдары және олардан сақтану жолдарын түсіндірді.
Сонымен қатар, ҚР заңнамасына сәйкес діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-шаралар, ақпараттық қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық мәселелері талқыланды.
Қызметкерлер белсенді түрде сұрақ қойып, пікір алмасты.
Мұндай шаралар жеке құрамның діни және құқықтық сауаттылығын арттырып, рухани тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/press/news/details/1017519?lang=kk
Добавить комментарий