
📅 13–20 маусым күндері Алматы қаласында еліміздегі ең ауқымды білім додаларының бірі – IQanat республикалық олимпиадасының финалы.
📈 Олимпиаданың іріктеу кезеңіне 50 мыңға жуық оқушы қатысқан болса, финалға тек мықтылар шықты.
📍 Батыс Қазақстан облысынан аудандық кезеңге 2000-нан аса, ал облыстық турға 300-ден аса оқушы қатысып, 40 үздік оқушы Алматыда өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.
🏆 Басты жүлде – IQanat High School of Burabay мектебінде оқу гранты.
👏 БҚО атынан аттанған 40 дарынды оқушыға сәттілік тілейміз! Болашақ сіздерден басталады!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1016349?lang=kk

Добавить комментарий