Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі электросамокаттардың жарылу қаупі және өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ескертеді!

Опубликовано:

Автор:

в категории
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі электросамокаттардың жарылу қаупі және өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ескертеді!
⚠️Соңғы уақытта электросамокаттардың литий-ионды аккумуляторларының жарылуы мен жануы салдарынан орын алған төтенше жағдайлар саны артуда. Бұл жағдайлар адамдардың денсаулығына және мүлкіне қауіп төндіруде.
Негізгі себептер:
– Аккумуляторлардың механикалық зақымдануы;
– Қысқа тұйықталу немесе артық зарядтау;
– Сапасыз немесе зақымдалған батареяларды пайдалану;
– Суға түсу немесе ылғалдың енуі;
– Өндіруші зауыттың ақаулы өнімдері.
Қауіпсіздік шаралары:
– Электросамокаттарды тек сенімді өндірушілерден сатып алыңыз;
– Зарядтау кезінде құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз;
– Зарядтау процесін тек құрғақ және салқын жерде жүргізіңіз;
– Құрылғыны ылғалдан қорғаңыз және суға түспеуін қадағалаңыз;
– Аккумуляторды зақымданудан сақтаңыз және құрылғыны дұрыс пайдаланыңыз.
‼️Ескерту: Электросамокаттарды дұрыс пайдаланбау өртке және жарылысқа әкелуі мүмкін. Қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды қорғаңыз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1016435?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *