ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
✔️Түркістан облысы әкімінің төрағалығымен Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті мәжіліс отырысы өткізілді.
✔️Жиынға облыстық терроризмге қарсы комиссияның мүшелері мен құзырлы органдардың басшылары, тиісті департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты.
✔️Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, терроризм мен экстремизмнің алдын алу шараларын ұйымдастыру барысындағы өзекті мәселелер туралы тиісті мемлекеттік органдар мен қала, аудандағы жауапты тұлғалардың есебі тыңдалып, оңтайлы шешімдер мен жүйелі шараларды үйлестіру мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, қазіргі таңдағы жастардың жат ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастыру, кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі мәселелері сөз болды. Сонымен бірге экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың жолдары талқыланды.
✔️Тәуекел топтар арасында профилактикалық шараларды жандандыру және ДДА идеологиясына қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру мәселесі және оны шешу жолдары да сарапталды.
✔️Мәжіліс соңында мемлекеттік органдармен жүргізіліп отырған жүйелі жұмыстар мен талдау нәтижелерінің облыс аумағындағы ахуалдың тұрақтылығына әсері баяндалды. Жоспарлар бекітіліп, жауаптыларға міндеттер жүктелді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
____
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ СОСТОЯЛОСЬ ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ КОМИССИИ ПО БОРЬБЕ С ТЕРРОРИЗМОМ
✔️Под председательством акима Туркестанской области состоялось очередное заседание комиссии по борьбе с терроризмом при акимате области.
✔️В заседании приняли участие члены областной комиссии, руководители компетентных органов, главы соответствующих департаментов, а также акимы городов и районов.
✔️В соответствии с утверждённым планом работы комиссии были заслушаны отчёты представителей государственных органов и ответственных лиц на местах по актуальным вопросам организации профилактики терроризма и экстремизма. Обсуждены меры по координации эффективных решений и системных действий. В частности, поднимались вопросы формирования иммунитета у молодёжи против деструктивных течений, а также профилактики экстремизма и терроризма среди несовершеннолетних.
✔️Кроме того, обсуждены пути развития государственной системы противодействия экстремизму и терроризму. Проанализированы меры по активизации профилактической работы среди групп риска и выработке устойчивого иммунитета против идеологии деструктивных деструктивных агентств (ДДА).
✔️В завершение заседания была представлена информация о влиянии проводимой системной работы и аналитики на стабильность ситуации в регионе. Были утверждены планы, а ответственным лицам даны конкретные поручения.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/1012880?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ