Аудандық білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен өткен кеңесте білім беру саласындағы өзекті мәселелер қаралды.
✅️ Күн тәртібіндегі негізгі сұрақтар:
— «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жүзеге асырылуы. Зевакино мен Октябрь кешендері және Большая Речка мектептері директорлары тәрбие жұмысының нәтижелерімен бөлісті. Бағдарлама аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу және бірыңғай тәрбие кеңістігін қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.
— 2025 жылғы жазғы демалыс пен оқушыларды сауықтыруды ұйымдастыру ☀️🏕️. Мектеп жанындағы лагерьлер, шығармашылық 🎨, спорттық ⚽️ және патриоттық 🇰🇿 бағыттағы маусымдар жоспарға енгізілді. Әлеуметтік осал топтағы балаларға ерекше назар аударылады.
— 2024–2025 оқу жылының аяқталуына дайындық 📚: қорытынды бағалар 📊, мемлекеттік аттестаттау 📝, соңғы қоңырау 🔔 🎓 мәселелері талқыланды.
— Жылу беру маусымының аяқталуы және 2025–2026 оқу жылына дайындық 🏫: нысандардың техникалық жағдайы тексеріліп, жөндеу жұмыстары 🛠️ мен қауіпсіздік шаралары 🧯 нақтыланды.
Кеңес барысында қабылданған шешімдер — аудан мектептерінің тұрақты әрі сапалы жұмыс істеуіне бағытталған.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/shemonaiha-roo/press/news/details/1015685?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ