Баршаңызды Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – бірлік пен мейірімділік, бауырмалдық пен қайырымдылықтың, ізгі амалдардың мерекесі.
Құрбан айт – жүректерге жылулық ұялататын, адамдарды жақсылық пен жанашырлыққа үндейтін ерекше күн. Осы күндері жасаған ізгі істеріміз қабыл болсын!
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық, құт-береке, мол ризық, татулық тілеймін. Еліміз тыныш, халқымыз аман, әр күніміз шаттыққа толы болсын!
Құрбан айт мүбәрак болсын!
Ізгі тілекпен,
Ерғали Қуандықұлы
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1012957?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ