Қосшы қаласының әкімінің орынбасары Альмира Ибраева тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға қалалық мәслихат депутаты, қоғамдық кеңес мүшесі және тиісті бөлім басшылары қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар көше атауы, жол құрылысы, электр жарығы, көше шамдарын орнату, ауыз су және үлескер мәселесі бойынша өз өтініштерін жеткізді.
Әрбір мәселе жеке қаралып, нақты түсініктемелер мен жауаптар берілді. Тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.
Еске саламыз, Қосшы қаласы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы әр апта сайын сәрсенбі күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/1015384?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ