🗓 2025 жылғы 11 маусым күні Ақжайық ауданында білім сапасын арттыруға бағытталған «Үздіксіз даму» жобасының қорытынды шарасы өтті.
Бұл жоба соңғы 3 жыл ішінде 1000-нан аса педагогтің тәжірибесін біріктіріп, білімдегі мүмкіндіктер мен жетістіктерді кеңейтуге зор үлес қосты.
🔹 Шара «Жоспарлау. Әрекет. Нәтиже» тақырыбында ұйымдастырылып, оған БҚО білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин, мектеп директорлары мен орынбасарлары, пән мұғалімдері қатысты.
📊 Жиында:
– Жобаның 3 жылдық нәтижелері мен тиімділігі баяндалды;
– Мектептер арасындағы жетістіктер алшақтығын жою жолдары ұсынылды;
– Оқушылардың жазғы қауіпсіздігі мен қазіргі педагог бейнесіне назар аударылды.
🎤 Жобаның үйлестірушісі Берік Елекешов, сондай-ақ педагогтер Венера Бустекова, Айгүл Губашева, Гүлсім Есенғалиева тәжірибе бөлісіп, жобаның нақты нәтижелерін атап өтті.
📌 Мектептер 11 топқа бөлініп, жоба аясындағы жұмыс нәтижелерін таныстырды.
🏆 «Үздік бейне сабақтар шеруі» байқауында көзге түскен бірқатар пән мұғалімдері білім беру бөлімінің дипломымен марапатталды.
👏 Жоба – педагогтердің бірлескен дамуы мен сапалы білімге бастар жолдың жарқын мысалы!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1015699?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ