Қараой ауылында жүргізіліп жатырған жұмыстарға депутаттық бақылау

Опубликовано:

Автор:

в категории
10 маусым күні аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин, аудандық мәслихат депутаты Жангүл Ізғарина және аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері Серік Қартбаев пен Жәнібек Жұмабаев Қараой ауылында болып, бірқатар жүргізіліп жатырған жұмыстарға депутаттық бақылау жасап, мониторинг жүргізді:
– Қараой ауылдық клубына жүргізіліп жатырған күрделі жөндеу жұмыстары барысын қарады. Мердігер компания “Сұңқар Ақтөбе 2005” ЖШС. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 6 маусымында бастау алған, ағымдағы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.
– ⁠Қараой ауылы орталығы көшелеріне жүргізіліп жатырған жарықтандыру жұмыстарының жәй-күйі қаралды. Атап айтсақ, Тәуелсіздік көшесіне жарық жүргізуші мердігер компания – “КазСтройЖарык” ЖШС. Б.Момышұлы көшесіне жарық жүргізугі компания “Строймонтаж” ЖШС.
– ⁠Сонымен қатар Қараой мектеп балабақшасында болып, жазғы лагерьдің жұмыс барысы, мектептің жәй-күйі қаралды.
Мониторинг барысында мердігер компанияларға жобалық сметалық құжаттарға сәйкес жұмыс жасалуы қажеттігі жөнінде түсіндіріліп өтілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uil/press/news/details/1015370?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version