Қарақұрттың шағуының алдын алу

Опубликовано:

Автор:

в категории

Қарақұрт – әлемдегі ең қауіпті деп саналатын өрмекші. Оны “қара жесір” деп те атайды, бұл атауды бәрі естіген де шығар. Өрмекшілердің адамдармен кездесулері, олардың қоныс аударуы кезінде орын алады, көбінесе қарақұрттар ұя салу және өздеріне сыртқы қап тоқу үшін жақсы қорғалған жерлерді іздейді. Қазақстанда қарақұрттар құрғақ және шөлді жерлерде, құмды және тасты жағажайларда, төмен өсімдіктер арасында мекендейді және көбейеді, жерге жақын тұрады. Қарақұрт өрмекші үйлерге қоныстанбайды. Ол ешқашан көпқабатты үйде тұрмайды, өйткені ол даланы, құмды және жылуды жақсы көреді. Сарапшылар қатты жылу қарақұрттардың тез көбеюіне және уыттылығының жоғарылауына әкелетінін атап өтті.

Шағудың өзі ауыртпайды және денеде тістеген жерді табу қиын, өйткені өрмекші теріні тістей алмайды. Алайда, тістегеннен кейін көп ұзамай улану бүкіл денеге таралады және адамда өткір ауырсыну синдромы пайда болады, көбінесе ауырсыну бел жақты пайда болады, іште, кейде белдің өзінде жүреді, қыздыра ауырту шағу орнынан жоғары көтеріледі, ентігу, жүрек соғу жиілігі, бас ауруы, құсу пайда болып, адам қатты терлей бастайды. Егер адам уақытында дәрігердің көмегіне жүгінбесе, алжасуға айналатын қозған күй кешеді. Үш күннен кейін дене қышыма бөртпемен жабылуы мүмкін, ал тағы үш күннен кейін одан із де қалмайды. Жалпы, қарақұрт өрмекшінің шағуынан қалпына келу,айығу процесі 3-тен 10 күнге дейін созылады.

Сізді улы өрмекшілер шағып алмау үшін-оларды ешбір жағдайда қолыңызға алмаңыз, ұстап алуға және ыдысқа салуға тырыспаңыз. Келесі кеңестерді сақтай отырып, сіз жабайы табиғатта – жаяу серуендеуде, пикникте, аң аулауда немесе балық аулауда өзіңізді улы өрмекшілерден қорғай аласыз. Табиғатта, оның мекендейтін жерлерінде қарақұртқа тап болмас үшін қажетті сақтық шараларын сақтау ұсынылады:

– ашық далада жалаң аяқ жүрмеу;

– тығыз жабық аяқ киім киіңіз;

-мата күркенің кіреберісін мықтап жабыңыз немесе жабындыларды қолданыңыз;

– демалыс уақытында киімдер мен аяқ киімдерді немесе серуендеу алдында, оларды киер кезінде мұқият тексеріңіз.

Егер сізді қарақұрт өрмекші шағып алса, мүмкіндігінше тезірек жақын маңдағы емханаға, ауруханаға, фельдшерлік пунктке барып көмек сұраңыз немесе жедел жәрдем шақыруыңыз қажет.

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-kyzylbalyk/press/news/details/1015572?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *