Күн тәртібінде кеше өткен бірлескен тұрақты комиссиялардың отырысында қаралып, талқыланған 9 мәселе бойынша шешім қабылдадық.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Жетісу облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы оң қарқынмен атқарылып келеді. Сөзіме экономиканың өсу қарқыны 114,8% -ы құрағаны дәлел. Жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі 9-10% деңгейінде күтілуде.
Облыстық Мәслихаттың 2025 жылғы облыстық бюджетке өзгертулер енгізу туралы шешімінің жобасын бекіттік. ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес республикалық бюджеттен қосымша 1,9 млрд теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлінді, оның ішінде даму мақсатындағы нысаналы трансферттер – 2,0 млрд теңге, ал ағымдағы нысаналы трансферттер – 54,2 млн теңгеге қысқартылды.
Күн тәртібінде қаузалған мәселе 2024 қаржы жылындағы облыстық бюджеттің атқарылуына тоқталсақ. Мемлекеттік бюджет жоспар бойынша 104,9% орындалып, жоспарланған 300 409 175,0 мың теңгенің орнына 315 190 733,0 мың. теңге түсті. Республикалық бюджетке – 194 781 945,0 мың теңге, жергілікті бюджетке – 120 408 788,0 мың теңге түсті.
Жиында Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру мәселесі қаралып, жаңадан атау берілетін көшелер тізбесі айтылды.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселелер бойынша Жетісу облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның және Жетісу облысындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіттік.
Сессия отырысына енгізілген барлық мәселелер депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тауып, тиісті шешімдер қабылданды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1013158?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ