Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе Жетісу облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының атқарылуы туралы. 2024 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсу қарқыны 114,8% құрап, Мемлекет басшысының 6% деңгейінде тұрақты өсім қамтамасыз ету тапсырмасы орындалды.
Одан әрі «Жетісу облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі 10%-ға қысқартылып, біздің облыс бойынша 38,6 млрд теңгені құрады.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Жетісу облысының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы. Облыстың жалпы өңірлік өнімі 2024 жылдың 9 айында 1 402 035,3 млн.теңгені, жан басына шаққанда – 2 011,4 мың теңгені құрады. 2024 жылы облыста 347 666,6 мың теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем көрсеткіші 103,4%-ды құрады.
Жиында Жетісу облысы Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру мәселесі де қаралды. Бұл мәселе бойынша депутаттар өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.
Отырыста «Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгілеу туралы» № 14-82 шешімінің күшін жою туралы» және «Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгілеу туралы» мәселелерде таразыланып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, суға шомылуда тәртіп сақтау мақсатында ортақ су пайдаланудың жаңа ережесі қабылданбақ.
Бірлескен комиссия отырысында көтерілген барлық мәселе толыққанды талқыланып, сессия отырысына енгізілді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1013135?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ