Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ БАЛУАН САМБОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Армения астанасы Ереванда самбодан Әлем кубогы сарапқа салынуда. Әлемдік доданың алғашқы күні Қазақстан құрамасы үшін сәтті басталды. 18 елдің спортшыларын жинаған дүбірлі жарыста отандастарымыз төрт бірдей жүлдеге ие болды. Солардың ішінде 59 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған ордабасылық Маржан Бизақ жауынгерлік самбодан алтын медаль жеңіп алды.
Жеңімпаз спортшы – Түркістан облысының, Бөржар ауылдық округіне қарасты шағын ғана Бірлік ауылында дүниеге келген. Қазақы тәрбиемен өсіп, қарапайым ауыл өмірінен қанаттанған бойжеткен бүгінде халықаралық ареналарда ел абыройын асқақтатып жүр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
———-
ТУРКЕСТАН: ОРДАБАСИНСКИЙ БОРЕЦ СТАЛ ЧЕМПИОНОМ МИРА ПО САМБО
В столице Армении Ереване проходит чемпионат мира по самбо. Первый день мирового первенства для сборной Казахстана начался успешно. В соревнованиях, собравших спортсменов из 18 стран, соотечественники завоевали четыре призовых места. Среди них в весовой категории 59 кг завоевала золотую медаль по боевому самбо ордабасинка Маржан Бизак, защищавшая честь страны.
Она родилась в небольшом селе Бирлик Буржарского сельского округа. Девушка, воспитанная в национальных традициях и выросшая в сельской местности, сегодня возвысила честь страны на международных аренах.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1013742?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *