КЕНТАУДА «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫ ЖҰМЫСҚА КІРІСТІ
Кентау қаласында «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жастар жасағының кезекті еңбек маусымы ашылды. Биыл маусым-шілде айларында NEET санатындағы жастардың үлесін азайту мақсатында 60 жасты жұмысқа тарту жоспарланған. Аталған жобаға қала жастары белсенді түрде атсалысып, туған өлкенің гүлденуіне өз үлестерін қоспақ.
Жобаның мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, қаланы көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын жандандыру. Сонымен қатар, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу, жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайтуды көздейді. Еңбек маусымы барысында жастар қала көшелерін тазарту, ағаш отырғызу, көгалдандыру секілді игі істермен айналысады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_______
В КЕНТАУ ПРИСТУПИЛИ К РАБОТЕ ТРУДОВЫЕ ОТРЯДЫ «ЖАСЫЛ ЕЛ»
В городе Кентау в рамках программы «Жасыл ел» открылся очередной трудовой сезон молодежного отряда. В июне-июле текущего года в целях снижения доли молодежи категории NEET планируется привлечение к работе 60 молодых людей. В данном проекте активно участвует молодежь города и вносит свой вклад в процветание родного края.
Цель проекта – эффективное использование досуга молодежи, активизация работы по озеленению и благоустройству города. Вместе с тем, формирование экологической культуры, профилактика правонарушений и наркомании, укрепление дружеских отношений между молодежью. В течение трудового сезона молодежь занимается такими добрыми делами, как уборка городских улиц, посадка деревьев, озеленение.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1013743?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ