СЕНАТОРЛАР ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА

Опубликовано:

Автор:

в категории

ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Жетісу облысында көшпелі отырыс өткізді. Отырыс барысында облысымыздағы адам және бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің, сот пен құқық қорғау органдарының басшыларының баяндамалары тыңдалып, құқық бұзушылықтың алдын-алу, жергілікті жердегі өзекті мәселелердің шешу жолдары айқындалды.
Жиында заңның үстемдігін қамтамасыз ету және адам құқықтарын сақтау мәселелерін талқылады. Комитет төрағасы Нұрлан Бекназаров қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруда заң үстемдігі қағидатын нығайту мен адам құқықтарын қорғау шешуші рөл атқаратынын атап өтті.
ҚР Парламенті Сенатында жергілікті өкілді органдармен өзара іс қимыл жөніндегі кеңес құрылған. Аталған кеңестің тиімділігі – жергілікті проблемаларды ескере отырып, заң нормаларын әзірлеуге қатысуға мүмкіндік беруінде. Бүгінде облыстық мәслихат депутаттары Заң жобаларын талқылау бойынша құрылған жұмыс топтарының 11 отырысына қатысып өз ұсыныстарын білдірген.
Отырыста облыстық сот төрағасы сөз сөйлеп, реформалардың басты міндеті – адамдардың сотқа деген сенімін арттыру екенін атап өтті. Әкімшілік сот төрелігі нәтижелі дамуда: қазір азаматтардың мемлекеттік органдарға қарсы талабының 90%-дан астамы қанағаттандырылуда.

Облыс прокуроры өз сөзінде,
биыл облыста 123 мыңнан астам аламның, оның ішінде 82 мың кәмелетке толмағандардың, 5 мың жұмысшылардың, 6 мыңнан астам кәсіпкерлердің құқықтары қорғалғанын, атап өтті.
Облыстық полиция департаментінің басшысы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыстың оң нәтижесі туралы айтып берді. Мәселен, өңірде қылмыс деңгейі едәуір төмендеді – 2025 жылдың алғашқы төрт айында қылмыс саны 7,4%-ға, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыс саны 5,3%-ға қысқарды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1013184?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *