Сенаторлар Жетісу облысындағы жұмыс сапарын «Асар» спорттық-оңалту кешенінен бастады.

Опубликовано:

Автор:

в категории

Орталықтың директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Елдос Қайыркенұлы Сенаторларға мүгедек адамдарды оңалту және бейімдеу шарттары мен бағдарламаларымен таныстырды.
«Асар» оңалту орталығы — еліміздің түкпір-түкпірінен күрделі жарақаттардан кейін сапалы және тез қалпына келу үшін келетін орын. Білікті мамандар мен жоғары стандартты жабдықтар пациенттерге мүмкіндігінше тезірек аяққа тұруға көмектеседі.
Орталық омыртқа жарақаттарынан, инсульттан кейін, грыжа, протрузия және церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға оңалту қызметтерін көрсетуге мамандандырылған. Бүгінде орталықта 400 маман, үйге барып көмек көрсетуге арналған 200 маман жалпы саны 600 маман қызмет етеді.
Орталықтағы емдеу омыртқа мен буындарға жүктемені азайтуға, бұлшықет тепе-теңдігін қалпына келтіруге, тамақтануды жақсартуға, буынның шеміршек тінін күшейту мақсатында арнайы дайындалған 25-тен астам тренажерларда емдік дене шынықтыру арқылы бұлшықеттің біркелкі дамуына бағытталған.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1013179?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *