Проведен семинар на тему:”мемлекеттік қызмет туралы заң оған енгізілген өзгерістер, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын және этика нормаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеулер (құмар ойынына қатысу қызметтен босатуға әкелу) “
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бекіткен Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл С.Алиманов Мемлекеттік қызмет істері агенттінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы С.Забиров, Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Д.Қалды және Шымкент қалалық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция майоры Б.Қарбековтің қатыстысуларымен департамент қызметкерлеріне семинар ұйымдастырды.
Семинарда мемлекеттік қызмет туралы заң оған енгізілген өзгерістер, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын және этика нормаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеулер (құмар ойынына қатысу қызметтен босатуға әкелу) бойынша түсіндірме берілді.
Сонымен қатар, “Мемлекеттік қызметшілерге жеке тұлғалардың декларациясын (кірістері мен мүлкі туралы декларация) тапсыру мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек көрсетілді.
Шымкент қалалық полиция департаментінің өкілі Мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу, есірткі құралдардың, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, көлік құралын алкогольдік және есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқарудың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізу бойынша және оның салдары туралы баяндады.
Семинар барысында қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға заң талаптарына сәйкес жауаптар берілді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1013501?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ