Республиканың әр аймағынан келген мәслихат төрағалары Сарқан ауданына барып, өңірдегі шаруашылықтар мен мұражай жұмысын көріп қайтты.
Қойлық ауылында наубайхана жұмысымен таныстық. Кәсіпорынның негізгі бағыты – нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру. Қазіргі таңда наубайханада төрт адам жұмыс істейді. Тәулігіне мыңнан аса нан пісіріп жақын маңдағы елді мекендерде жеткізіп отыр. Өзін-өзі басқарып отырған кәсіпкер аз пайызбен несие алып кәсібін кеңейтуга ниетті.
Делегация мүшелерімен 10 жылдан бері ет және жұмыртқа бағытында құс өсірумен айналысатын Тимур Тұралықовтың да шаруашылығына барды. Күніне 200 жуық жұмыртқа өнімін сатылымға шығарады. Былтыр мемлекеттен бір жарым млн теңге қайтарымсыз гарант ұтып алып құс басын көбейтіпті. Енді қора жайды үлкейтуді көздейді. Бірақ қаражат мәселесі қол байлау болып тұрғанын айтады.
Сондай-ақ, тау бөктерінде өсетін өсімдік, әрі, дәрілік шөптерден сабын жасайтын шаруашылықпен де таныстық. Түрлі-түсті, хош иісті. Қарасаң көздің жауын алады. Бастысы табиғи өнім. Ешқандай қоспа қоспайды. Отандық өндіріс пен айналысқанына 10 жылдан асыпты. Бүгінгі таңда бет күтімі мен қол жууға арналған сабынның 50 ден аса түрін ұсынып отыр. Тауарына сұраныс та көп дейді. Бірақ кәсібін заңдастыра алмай жүргенін айтып, делегация мүшелерінен қолдау сұрады.
Делегаттар Талдықорған қаласындағы жаңадан ашылған спорт ғимараттарын, Бейсен Құранбек атындағы телерадиокомпаниясын және Б.Римова атындағы драма театрының жұмыс барысын да көріп қайтты.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1013163?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ