2025 жылғы 11 маусымда “БЖЗҚ” АҚ (БЖЗҚ, Қор) онлайн-форматта “Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары” тақырыбында “Ашық есік күнін” өткізеді.
Мақсаты – халықтың зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар, алаяқтық схемалардан қорғану тәсілдері, сондай-ақ тікелей “БЖЗҚ” АҚ-дан сенімді ақпарат алудың маңыздылығы туралы түсініктерін арттыру.
Іс-шараны өткізу барысында қатысушыларға ақпаратты ресми көздерден және тікелей Қордан алудың неліктен маңызды екендігі, қызмет көрсету бойынша заңды ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатындығы, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екендігі туралы түсініктемелер беріледі.
Бұған қоса, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға келушілерге жеке кеңес береді.
«Ашық есік күні» 2025 жылдың 11 маусымы күні онлайн-форматта өткізіледі (уақытын филиал жазады).
Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме (сілтемені әр филиал жеке жазады) бойынша өтуі керек. Содан кейін event-кеңестің нөмірін (филиал жазады) және event-кеңестің паролін (филиал жазады) енгізу қажет.
“БЖЗҚ” АҚ өз салымшыларын, алушыларын, БАҚ өкілдерін және қатысуға ниетті барлық азаматтарды «Ашық есік күнінде» қуана күтеді!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-shahtinsk/press/news/details/1014864?lang=ru
Добавить комментарий