2025 жылдың 14 маусым күні, ШҚО, Катонқарағай ауданы, Ипподромда
«АЛТАЙ – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨТЕДІ.
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі қолдауымен Катонқарағайда «Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық музыка фестивалі ұйымдастырылады. Бұл ауқымды шарада Қазақстан мен халықаралық өнер жұлдыздары бір сахнада бас қосады. Әйгілі «Музарт» тобы, Қобыланды Болат, Құралай Мейрамбек, «Абырой» тобы, «Тұран» тобы, Әмре тағы да басқа отандық жұлдыздар және шет елдерден арнайы келген әртістер өнер көрсетеді. Фестиваль жүргізушілері – Әділ Ахметов және Әмина Жұмамұрат.
Ашылу салтанатының басты нышаны – Берел қорғанынан табылған қасиетті бейне – Штандарт болмақ. Бұл символ түркі әлемінің рухани мұрасын, тарихы мен мәдениетін, халықтар арасындағы бірлік пен бауырластықты айқындайды. Бағдарламада Түркі әлемінің бай мәдениеті мен тарихын көрсету мақсатында сахналық көріністер қойылады. Түрік, қазақ, қырғыз, әзербайжан, өзбек, татар, ноғай, башқұрт, саха және басқа да түркі халықтарының мәдениеті мен бірлігі, тілдік және рухани байланысы осы фестивальде бір арнаға тоғысады.
Бұл тағылымды кеште Түркі әлемінің өнер жанашырлары өз мәдениеттерін, көненің үнін қайта жаңғыртып, бірегей туындыларын ұсынады. Алтай – түркі халықтарының ортақ алтын бесігі, мұнда әрбір мәдениет өз тамырын, тарихын тауып, мәңгілік бірлігін паш етеді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-din/press/news/details/1014790?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ