📌Қостанай облысының 8 ауылы алкогольден бас тартты
Бұл бастама өңірде 2024 жылдың қыркүйегінен бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Мәдени қоғам» жобасының бір бөлігі болды.
Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин есеп беру кездесуінде өткен жылы барлық қылмыстардың шамамен 27% – ы масаң күйде жасалғанын атап өтті.
Бұл маскүнемдер, қоғамдық тәртіпті бұзушылар және отбасылық жанжал шығарушылар сияқты қауіпті топтарға полицияның бақылауын күшейтуге үлкен себеп болды. Бұған жауап ретінде үйде де алкогольді ішуге тыйым салатын 4 мыңға жуық сот шешімі шығарылды.
Алкоголизммен күресу және алдын алу тиімділігін арттыру үшін өткен жылдың қыркүйек айынан бастап 2024-2025 жылдарға арналған «Мәдени қоғам» жобасы басталды.
Осы жоба аясында құқық қолдану тәжірибесіндегі олқылықтарды ескере отырып, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізуге қойылатын талаптарды қатайту бойынша ұсыныстар дайындалуда.
Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарын (УБДО) кеңейту шаралары қарастырылды.
Бүгінде облыста Қостанай, Рудный, Арқалық және Тобыл қалаларында барлығы 75 орындық 4 сауықтыру орталығы бар. Қазірдің өзінде Қостанайда УБДО орын саны 14-тен 25-ке, Рудныйда 20-дан 30-ға, Арқалықта 10-нан 15-ке, Тобылда 10 орындық жаңа орталық ашылды. Жоспарға Лисаков, Жітіқара және Қарабалықта сауықтыру орталықтарын құру кіреді, – деді Файзуллин.
Бұл ретте Қостанайда емханалар мен 73 ауылдық округте қосымша медициналық куәландыру пункттері ашылды.
Департамент бастығының айтуынша, Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп фельдшерлік акушерлік пункттері бар аудандар мен ауылдық округтер бойынша сараптама жүргізу үшін сертификаты бар медицина қызметкерлерінің санын көбейту жоспарлануда.
2024 жылы облыс аумағында тұрғындары алкогольден бас тартқан 6 елді мекен (Милісай, Сарысу, Әбдіғапар ,Крамское , Отынағаш , Көктал ауылдары) бар.
Бұл ауылдарда осы күнге дейін бірде-бір қылмыстық құқық бұзушылық немесе отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелген жоқ.
Ағымдағы жылы Ұзынкөл ауданындағы тағы екі ауыл – Абай мен Уқатқан «ішпейтін» ауылдар қатарына кірді.
Жо
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/1013710?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ