🎓 ҰБТ-дан 135 балл жинаған жас дарын!

Опубликовано:

Автор:

в категории

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы мамандандырылған мектеп-лицей- интернатының 11 “Б” сынып оқушысы Меңдіғали Назерке Ұлттық бірыңғай тестілеуден 135 балл жинап, облыс бойынша жоғары нәтиже көрсетті.

Назерке — Жыл таңдауы-2025 аталымының иегері, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпазы. 7-сыныптан бері химия-биология бағыты бойынша білім алып, үздік оқушылар қатарынан көрініп келеді. Болашақта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болуды армандайды.

🌟 Осы жетістік болашақ талапкерлерге шабыт болсын!

📚 Назеркенің жетістігі — білімге деген құштарлық пен табандылықтың нәтижесі. Ол өз арманына жету жолында аянбай еңбектеніп келеді.

👏 Назеркеге алдағы уақытта да сәттілік тілейміз! Білім жолындағы талпынысың әрқашан жемісті болсын!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1013051?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version